30 наурызда Алматы облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға айналады) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 17-22, екпіні 25 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде – 13 градусқа, күндіз 0-5, кей жерлерде – 8 градус төмендейді.
30 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23 м/с, таулы өткелдерде екпіні 30 м/с артық болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 3-8 градусқа төмендейді.