Сенатор Марк Рубио сәуір айының ортасында АҚШ-тың Президент сайлауына қатысатынын мәлімдейді, деп хабарлайды «Fox News» телекомпаниясы.
«13 сәуірде мен Президент немесе Сенат сайлауына түсетінімді жариялаймын», - дейді ол.
Сенаттағы Вирджиния штатының өкілі Марк Рубио 2016 жылы өтетін президент сайлауына қатысатын басты үміткер. Ол сайлауға Республикашылар партиясының атынан қатыспақ.
Жуырда Техас штатының сенаторы Тед Круз да сайлауға түсетіні туралы хабарлаған еді. Сондай-ақ, сайлауалды науқанға сенатор Рэнд Пол да қатысуға ниет білдіріп отыр.
Сонымен қатар, өткен демалыс күндері Hewlett-Packard компаниясының бұрынғы басшысы Карли Фиорина «90 пайыздық дайындықпен» кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.
Сурет: washingtonpost.com