Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады

01.04.2015
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады

Кездесуде тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халықтарының тарихи тұрғыдан жақындығына тоқталып өтті.

«Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз. Елдеріміздің тарихи тамыры ортақ және даму жолдары ұқсас. Венгрия – біз үшін Еуропадағы маңызды тірек саналатын ел», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

В. Орбан өз кезегінде Қазақстан Президентіне ризашылығын білдіріп, венгр халқының сәлемін жеткізді.

«Әлемдегі күрделі ахуал жағдайында біз Сіздің бұдан арғы ынтымақтастығымыздың перспективалары жөніндегі пікіріңізді білуге мүдделіміз. Қазақстан Еуропалық одақта оның біздің ел сияқты сенімді досының бар екеніне сенуіне болады. Будапеште біз Астана көшесін ашқанымызды жеткізгім келеді. Біз саяси және мәдени байланыстарымыз тиісті деңгейде деп санаймыз, оның ар жағында Сіздің қолдауыңыздың тұрғанын да сезініп отырмыз», – деді Венгрия Премьер-Министрі.

В.Орбан, сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауына қатысу туралы шешімі Қазақстанның болашақтағы тұрақтылығын да қамтамасыз етудің кепілі екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу