Шымкентте «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері қоғамдық көліктерде тегін жүреді.
Бүгін қала әкімдігі мен жолаушы тасымалдайтын компаниялар арасында осындай меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Айта кетейік, қаладағы соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен бірінші топ мүгедектері де қоғамдық көліктерде тегін жүреді.