Бүгінде адамдардың жақсы өмір сүруі үшін технология дамып, өмірді жеңілдетудің қаншама алғышарттары жасалып жатқан уақытта, денсаулық мәселесі, дауасын таппаған дерттер әлі де күрделі мәселелер қатарында қалып отыр.
Экология, ластанған ауа, химиялық қалдықтарға тұнған ауызсу, дұрыс тамақтанбау, осының барлығы жаңа ғана дүние есігін ашқан сәбидің өзін түрлі ауруларға шалдықтырып жатқаны белгілі.
Осы орайда Қазақстандағы медицина туризмін жаңғырту мәселесі қаншалықты дамуда? Біздің азаматтар оған дайын ба? Медицина туризмін дамытудың жолдары қандай? Бүгін бұл сауалдарға 17.50-де «Өзекжарды» хабарының қонағы «ТурМЕДА» конпаниясының Орталық Азиядағы үйлестірушісі Сәбит Сейдуалиев жауап береді.