Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын түсуіне және қар қабатының тұрақсыз болуына байланысты 2-3 сәуір күндері қар көшкіні болуы қаупі сақталады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.
Комитеттің хабарламасында «қар көшкініне соқтырмас үшін қия беткейлерге шығуға болмайтыны жөнінде ескерту жасалды», делінген.