Охот теңізіне батып кеткен траулерде қайтыс болған отбасына бір миллион рубльден төленбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Охот теңізіне батып кеткен траулерде қайтыс болған отбасына бір миллион рубльден төленбек

03.04.2015
Охот теңізіне батып кеткен траулерде қайтыс болған отбасына бір миллион рубльден төленбек

Сахалин облысының ресми өкілі Алексей Баяндин облыстың резервтегі қорынан «Қиыр Шығыс» траулерінде қайтыс болғандардың отбастарына 1 миллион рубль және құтқарылған отбасыларға 200 мың рубльден төлейтінін мәлімдеді.

«Қайтыс болғандардың отбасына 1 миллион рубль ал, зардап шеккен отбасыға  200 мың рубль төленеді. Қаржы облыстың резервтік қорынан бөлінетін болады. Сонымен қатар, экипаж мүшелерінің отбасыларына да қолдау көрсетіледі», - дейді.            

«Қиыр Шығыс» траулері бейсенбі күні түнде Охот теңізінің 300 шақырымында  батып кеткен. Соңғы мәліметтерге қарағанда кеме бортында 81 Ресей және 51 шетелдік азамат болған. 132 адамның 119-ы су бетінен шығарылды (56 адам қайтыс болған). 13 балықшы із-түзсіз жоғалған.

Деректер бойынша хабарсыз кеткен және қайтыс болғандар арасында 4 украиндық, 18 Мьянман азаматы, 1 латвиялық жане Вануатудың 4 азаматы бар. Қалғаны ресейлік азаматтар.

6 сәуірде Сахалинде қаралы күн жарияланбақ.

Хабарламаларға жазылу