«Баламен бетпе-бетте» бүгін қандай қызық бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Баламен бетпе-бетте» бүгін қандай қызық бар?

05.04.2015
«Баламен бетпе-бетте» бүгін қандай қызық бар?

Қазақта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Бұл – қазаққа тән жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы ұрпаққа қалыптастыру, ұлтымыздың дүниетанымдық тәжірибесін жалғастыру.

Халқымыз  бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Әдептілік, бауырмалдық, үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, еңбекқұмарлық, ұрлық-қиянат жасамау, өтірік айтпау сынды қасиеттерді баланың бойына сәби кезінен дарытуды мақсат тұтқан ұлтымызда «Балалы үйдің ұрлығы жатпас», деген де нақыл бар.

Яғни, баланың дүниеге көзқарасы өзгеше. Бала жалған сөйлемейді, кейде ересектер байқамағанды олар байқайды. Бүгін 16.20-да «Баламен бетпе-бет» хабарынан тілі бал сәбилердің қызықты әңгімесін Алмас Кішкенбаевпен бірге тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу