Қазақ жерінде футбол ойыны кеше ғана пайда болған жоқ. 2013 жылы еліміз қазақ футболының 100 жылдығын атап өтті. Алғашқы қазақстандық футбол командалары 1913-1914 жылдары Семей қаласында құрылған. Футбол ойынын Семей жеріне ағылшын саудагерлері алып келген көрінеді.
«Олимп», «ССК», «Ласточка», «Орлята», «Ярыш» футбол командаларынан басталған бұл ойын бүгінде қазақ жерінде кең тыныс ала бастады. Сол кезде «Ярыш» футбол клубының құрамында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің де ойнағаны мәлім.
Отандық футболдың жандануына септігін тигізген алғашқы ойыншылар – Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Ахметсәлім Кәрімов, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Сабыржан Ахмедшин және т.б.
Бүгінгі қазақ футболының деңгейі қандай? тарихта талайды тамсандырған Алматының «Қайраты», Елорданың «Астанасы», Қарағандының «Шахтері», сол сияқты «Ақтөбе», «Ертіс», «Ордабасы», «Тобыл», «Тараз» футбол клубтарының ерекшеліктері бар ма? Бүгін 23.00-де «Алаң» ток-шоуы осы мәселені талқыға салмақ.