Криминалистика – полиция қызметінде ең маңызды сала болып саналады. Өйткені, онсыз қылмысты ашу мүмкін емес. Қылмысты кім жасады? Ол қашан, қай күні, тәуліктің қай мезгілінде жасалды? Осы сияқты сұрақтардың барлығын анықтау криминалист мамандардың міндеті.
«Біздің мақсат – оқиға болған жерді тиянақты қарап, қалған іздерді, заттарды жинап, сүретке түсіру. Егер оқиға орнында қалып қойған қандай да бір айғақтық зат болса, оны арнайы мөрленген пакеттерге салып, зертханаға алып келеміз. Зерттеп болған соң, қорытынды шығарамыз, содан кейін іске тіркейміз», дейді криминалист Нұрсұлтан Азанқұлұлы.
Криминалист мамандығын меңгеру екінің бірінің қолынан келмейді. Себебі, маманды дайындау барысы да өте күрделі. Арнайы білім алғаннан кейін де үнемі кәсіби біліктілікті арттырып отыру қажет.
Криминалистиканың қыр-сырын жіті меңгергеннен кейін ғана нағыз қылмыстық оқиғаны зерттеуге рұқсат беріледі.
Толығырақ «Таңшолпанда».