Алпан Итжанов майданда алғы шептегі жауынгерлердің бірі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алпан Итжанов майданда алғы шептегі жауынгерлердің бірі болды

06.04.2015
Алпан Итжанов  майданда алғы шептегі жауынгерлердің бірі болды

1942 жылдың 13 сәуірінде шақырту алған Алпан Итжанов  жедел даярлықтан соң соғыстағы жолы алдыңғы шепте, бетпе-бет майдан алаңында, Сталинград бағытында ұрыс жүргізіп жатқан 72-ші гвардиялық атқыштар полкінің барлаушылар тобында басталды.

Майданның алдыңғы шебінде полк барлаушысы дәрежесінде жүріп, Сталинградты, Оңтүстік Украинаны, Беларусьті, Қырымды, Литва аумағын, Шығыс Пруссия өңірлерін, оның ішінде немістер «Корольдік тау» деп атайтын атақты Кенигсберг қаласын басқыншылардан босатуға қатысады.

Барлаушы майдан даласы туралы естеліктерді бүгін 22.45-те «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасында айтып береді.

Хабарламаларға жазылу