25 желтоқсанда Астанада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жүгіру өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 желтоқсанда Астанада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жүгіру өтеді

22.12.2016
25 желтоқсанда Астанада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жүгіру өтеді

25 желтоқсан күні Астананың Триатлон саябағында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған жүгіру өтеді. Негізгі қашықтық 2500 метрді, ал, кәсібилер үшін 5000-10 000 метрді құрайды. Жүгіруге қазіргі марафоншылар мен Қазақстанның жеңіл атлеттері қатысады.

Шараны Астана әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі және «Астана Желаяғы» астаналық марафоншылар клубы қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.

inform.kz

 

 

Хабарламаларға жазылу