Иран-Ғайып – «Розаның толғауы» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран-Ғайып – «Розаның толғауы» (ВИДЕО)

07.04.2015
Иран-Ғайып – «Розаның толғауы» (ВИДЕО)

Қас қылғанда қайғы торлап көгімді,

Білдірмедім жатқа ашым, тоғымды.

Гүл болмысым бейне тасқа айналып,

Бар сезіндім, Тасқын, сенің жоғыңды.

 

Жан-тәніме тағдыр уын жолатпай,

Болған іске болдым берік болаттай.

Лүп-лүп соғып тұрғандай жүрегің,

Кеңсай жақтан тылсым ғайып сағаттай.

 

Тыншымаймын таңмен талас тұрамын,

Тәңір мәнім күн-түн құлдық ұрамын.

Күлмедім деп айта алмаймын мен сенсіз,

Сырт көзден сыр жасырып, сан жыладым.

 

Жыладым мен Әли әке іздесе,

Алмады-ау деп Мәди, Сағи жүздесе.

Жыладым мен, мен жыламай, кім жылар?

Күмәнді ойым үміт жібін үзбесе.

 

Өмір сүрдім өзіме тең өлшеммен,

Халық риза, өнеріме ел сенген.

Зейнетіңді аз көргем жоқ, жан-жарым,

Бейнетіңе батып келемін белшемнен.

 

Ұлдарыңның жууменен жөргегін,

Қара шашым ағарғанын көр менің.

Тасқын, мәңгі тірісің сен мен үшін,

Өлгенің жоқ, өлгенің жоқ, өлгенің...

 

Хабардың  толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу