Шымкенттегі Абай саябағындағы Даңқ аллеясында тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан 17 жауынгерге арналған ескерткіш ашылды.
Салтанатты шараға қаза тапқан сарбаздардың туыстары, әскер ардагерлері және осы шекарадағы қақтығысқа қатысушылар келді.
Ескерткіш авторы - сәулетші Асқар Әзімбаев.
Арнайы ұйымдастырылған жиында Ұлттық гвардия және 65/06 әскери бөлімінің басшылығы сарбаздардың өмірлік жолы туралы әңгімелеп, шараның жас ұрпақты патриоттық руһта тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды.
otyrar.kz