Алматыда «Жастар – болашақтың энергиясы» атты спорт фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жастар – болашақтың энергиясы» атты спорт фестивалі өтеді

09.04.2015
Алматыда  «Жастар – болашақтың энергиясы» атты спорт фестивалі өтеді

Тесланың электр шоуы - тұңғыш рет Алматыда болады.

Электр шоу 10 сәуір күні «Жастар – болашақтың энергиясы!» атты халықаралық спорт фестивалі шеңберінде Б. Шолақ атындағы Спорт сарайында өткізіледі.  

Тесланның электр шоуы жоғары кернеулі электр қуаты көмегімен әуендерді нақышына келтіре орындайтын өнер түрін, найзағайдың жарқылын  көрермендерге ұсынбақ.

Сондай-ақ , «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ұйымдастырып отырған бұл  фестивальде музыкалық және спорттық қойылымдар көрсетіледі. 

Халықаралық спорт фестиваліне  Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Украинаның ең үздік спорттық командалары  қатыспақ.

Бұл шараға паралимпиада спортшылары мен бишілері де өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр.                                                                           

Хабарламаларға жазылу