«Жас Отан» cъезінде 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» бағдарламасы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас Отан» cъезінде 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» бағдарламасы қабылданды

09.04.2015
«Жас Отан» cъезінде 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!»  бағдарламасы қабылданды

Астанада өтіп жатқан «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III cъезінде делегаттар 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» бағдарламасын қабылдады. 

Бағдарлама мақсаты - «Қазақстан-2050» Стратегиясын сәтті жүзеге асыру.

Сондай-ақ, cъезд жұмысы барысында «Жас Отан» ЖҚ жаңа логотипін бекіту туралы шешім қабылданды

Айта кетсек, шараға елдің барлық өңірінен екі мыңнан астам адам қатысуда. Олар -  ұйым белсенділері, жас ғалымдар, спортшылар, мәслихат депутаттары, жұмысшылар және ауыл жастары. 

Хабарламаларға жазылу