Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы жарияланды.Ұлттық сайысты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті сайысқа қатысуға өтініштер қабылдауды бастап кетті.
Дәстүр бойынша шараға отбасы мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен отбасылар қатыса алады.
«Мерейлі отбасы» сайысы үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – республикалық.
Үздік отбасыны анықтау барысында қазылар алқасы отбасы мүшелерінің жетістіктерінің саны мен маңызына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігелерге, отбасының рухани-адамгершілік құндылықтарына, балалардың жетістіктеріне, түп тамырын білуіне, отбасының дарынына, өмір сүру стиліне назар аударатын болады.
Еске сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға, отбасы статусын көтеруге бағытталған. Сайыстың мақсаты – отбасы институты, адамгершілікті, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін, отбасы құндылықтарын насихаттау, кәмелетке толмаған балаларды еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарына қамқорлық жасауға үгіттеу, сонымен қатар отбасының тәлімді имиджін насихаттау.
Сайысқа қатысуға өтініш қабылдау осы айдың соңына дейін жалғасады.