Тәуелсіздік алғаннан кейін кеңестік жүйемен аты өзгерген қазақтың жер-су атауларын қайтадан бұрынғы қазақы қалпына келтіру, тарихи-географиялық атауымен қайта атау — басты мәселелердің біріне айналды.
Ономастика – ғылыми-талдамалық және тарихи негіздерге сүйенетін сала. Қала, ауыл, көше, алаң, нысан аттарын қою, ауыстыру – мемлекеттік идеология болса, сол ұлттық ономастика саясатын халық арасында насихаттау, мемлекеттік тұжырымдама, осы салаға қатысты басқа да заңдық құжаттарды түсіндіру атқарушы органдардың, тиісті мекемелердің және қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-тың басты міндеті.
Бүгінде еліміздегі ономастиканы ғылыми дамытудың жолдары қандай? Жер-су атауларының қалыптасуының физикалық-географиялық негіздері неде? Ономастика жұмыстарының алғышарттары қандай?
Бұл сауалдарға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарында жауап береді.