10 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова театрға орыс драматургі Валентин Ежовтың шығармасы ның желісі бойынша қойған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драмасын көруге келеді.
Мемлекеттік хатшымен бірге театрға Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Парламент депутаттары, танымал мәдениет және өнер қайраткерлері келмек.
Қойылымның режиссерлық нұсқасын Қазақстанның Халық әртісі, театр және кино режиссері Талғат Теменов жасаған.
«Тыраулап ұшқан тырналар» драмасы қазақ Пернебек Боранбаев пен неміс қызы Инганың арасындағы махаббатты баяндайды. Спектакль барысында адамның асыл қасиеттері: махаббат, адамгершілік пен сыйластық, жауларға деген өшпенділік және Отанға деген сүйіспеншілік жарқырап әрі шынайы көрінеді.
Басты кейіпкер Пернебек Боранбаевты театр және кино актері Әбілмансұр Серіков, неміс қызы Инганы театрдың жас актрисасы Ақмарал Танабаева сомдайды.
Сахнада Қазақстанның Халық әртісі Т.Мейрамов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері А.Омаров, Н.Өтеуілов, ҚР «Дарын» жастар сыйлығының иегері С.Қашқабаев пен Қ.Қыстықбаевтар өнер көрсетеді.