«Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды бағдарламасының басқа зияткерлік сайыстардан артықшылығы – оның отбасыларды қамтуында. Шоу қатысушылары тек білімді ғана емес, сонымен қатар, көңілді, тапқыр, тату да талантты жандар екенін дәлелдеп беруі тиіс.
Интеллектуалды шоу 5 кезеңнен тұрады. Ойында капитандардан басқа жанұя отағасы - «от басы» сайланады. Әр кезең барысында командалар мен от басыларға ұпай жинау үшін жалпы дүниетаным, Қазақстан тарихы, салт-дәстүрлер мен мәдениетке байланысты сұрақтар қойылады.
Сондай-ақ, қатысушыларға көрермендерден бейнесұрақтар да ұсынылады. Соңғы кезең ең шешуші – капитандар «шайқасы». Бұл кезеңде ұпайы төмен команда тапқырлығы мен зеректігі арқасында ұпай санын теңестіріп, тіпті, алға да озып кетуге мүмкіндік алады.
Бүгін 13:30-да Ұлттық арнада білгірлер мен тапқырларға арналған «Білгірлер бәйгесі» шоуының алғашқы саны эфирге шығады. Ұлттық арнамен бірге білгірлерді анықтаңыз!