Жапониялық ғалымдар «Эбола» вирусын жұқтырғандарды анықтайтын тест ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапониялық ғалымдар «Эбола» вирусын жұқтырғандарды анықтайтын тест ойлап тапты

11.04.2015
Жапониялық ғалымдар «Эбола» вирусын жұқтырғандарды анықтайтын тест ойлап тапты

Нагасаки  университетіндегі Тропикалық медицина институтының ғалымдары «Эбола» вирусын жұқтырғандарды анықтайтын тест ойлап тапты. Тесттің нәтижесін небары 11 минутта білуге болады.

«Тексеру құрылғысы вирусты жұқтырғандарға көмегін тигізеді», - дейді институт профессоры Дзиро Ясуда «Франс Пресс» агенттігіне берген сұхбатында

Бұған дейін Хоккайдо университетінің ғалымдары «Эболаны» жұқтырғандарды 15 минутта анықтайтын препорат дайындаған еді.

Айта кетейік, соңғы зерттеулерге қарағанда, «Эбола» вирусынан 10573 адам қайтыс болған.

Хабарламаларға жазылу