Солярий қауіпті ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солярий қауіпті ме?

11.04.2015
Солярий қауіпті ме?
«Біз қатерлі ісік немесе ультракүлгін сәуленің «байланысы» туралы күрделі немесе түсініксіз нәрселер айтуға тиісті емеспіз. Егер адамдарға үйде күнге күю терідегі қатерлік ісікті туғызып, өршітеді немесе солярий тері қатерлі ісікті шақырады деп айтсақ түсініктірек болады»,-деп мәлімдейді Колорадо университетінің зерттеушісі Роберт Деллаваль.  
 
Ғалымдар ультракүлгін ванналар пайдалану адам терісінде қатерлі ісік тудыратынын 8 дәлелмен келтірген. Заң шығарушылар ультракүлгін ваннаға темекі мен ішімдікті шектегендей шектеу қояды деп үміттенеді. 
 
Солярийді ұнататындар басқа адамдарға қарағанда меланома және қатерлі ісік ауруына орташа есеппен 16 пайызға жиірек ұшырайды. Бұл ықтималдылық солярийді немесе ультракүлгін ваннаны жиі және ұзақ пайдаланғаннан артады және солярий терідегі қатерлі ісікке тікелей әсер ететінін растайды. Деллавальдің есептеуінше, әрбір қабылданған сеанс меланомаға ұшырау ықтималдығын жылына 1,8 пайызға арттырады.
 
1964 жылы АҚШ-тың бас санитарлық дәрігері президентке темекенің қатерлі ісік ауруын тудыратынын хабарлап, бұл мәселеге саясаткерлер мен шенеуніктердің назарын аудартты. Ғалымдар енді билікке солярийге қатысты мәлімдеме жасаудың уақыты келгенін айтады. 

Фото: gooosha.ru

Хабарламаларға жазылу