Теңдік елді мекенінің әкімі Қалым Әмиевтің хабарлауынша, қазіргі таңда оқиға орнындағы суды ағызу жұмыстарына МТЗ маркалы төрт трактор мен «Серпіліс» ЖШС-нің 3 ауыр техникасы жұмылдырылған.
«Теңдік ауылына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 22 маманынан құралған топ бағытталды. Сонымен қатар, 6 құтқару техникасы және өзге де құралдар жұмылдырылды. Бүгінде судың деңгейі 20 сантимерді құрап отыр. Төтенше жағдайдың салдарынан 50 бас ірі қара мал мен 40 қой-ешкі қауіпсіз жерге жеткізілді. Әзірге мал шығыны тіркелген жоқ», - дейді ведомствоның баспасөз қызметінің маманы Әлия Темірова.
Фото: pavlodarnews.kz