Бірнеше жеңілістен кейін болашағынан үміт күттірген ауыр салмақтағы боксшы Джим Брэддок спортты тастауға мәжбүр болады. Қатты дағдарысқа ұшыраған Брэддок әйелі Мэй мен балаларын асырау үшін кез-келген жұмысты қорсынбайды.
Ол әлі де жекпе-жек алаңына шығудан үмітті. Күндердің күнінде осындай мүмкіндік туады. Соңғы минутта ол басқа бір боксерді ауыстырып, әлем чемпионы атағына үміткермен жекпе-жекке шығады.
Елді таң қалдырып, Брэддок үшінші раундта-ақ жеңіске жетеді. Қарсыластарынан салмағы жеңіл болып, көптеген жарақаттар алғанына қарамастан, Джим төбелесін жалғастырып, жеңістерге жете береді.
Жекпе-жек алаңында екі қарсыласын өлтірген әлем чемпионы Макс Бэрмен болған жекпе-жегі оның спорттың мансабының шырқау шыңы болды.
Бүгін 23.40-та режиссер Рон Ховардтың «Дәл соққы» биографиялық фильмін көре аласыздар.