Еріген қар суының салдарынан Қазақстанның төрт аймағындағы жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еріген қар суының салдарынан Қазақстанның төрт аймағындағы жолдар жабылды

13.04.2015
Еріген қар суының салдарынан Қазақстанның төрт аймағындағы жолдар жабылды

Ақмола облысында еріген қар суының жолды басу салдарынан Астана қаласы мен Қарағанды облысы шекарасына (1275-1353 км а/ж «Алматы-Екатеринбург») учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Қарағанды облысында Қарағанды қаласы мен Балқаш қаласы (1488-1854 км а/ж «Екатеринбург-Алматы»); Теміртау қаласы мен Ақмола облысы шекарасына (266-51 км а/ж «Астана-Рождественка-Киевка-Теміртау»); Ботақара ауданы мен Павлодар облысы шекарасына (0-93 км а/ж «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский»); Топар ауданы мен Жезқазған қаласы (906-433 км а/ж «Қызылорда-Павлодар»); Қарағанды қаласы мен Ақмола облысы шекарасына (1038-1142 км а/ж «Екатеринбург-Алматы») учаскелерінде барлық жол жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында 140 км а/ж «Семей-Қайнар»; 973-1050 км а/ж «Алматы-Өскемен» учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Павлодар облысы Майқайың кенті мен Қарағанды облысы шекарасына (93-265 км а/ж «Ульяновск-Керей-Үміткер») учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу