Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев су басуы ықтимал елді мекендерді тікұшақпен аралап шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев су басуы ықтимал елді мекендерді тікұшақпен аралап шықты

13.04.2015
Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев су басуы ықтимал елді мекендерді тікұшақпен аралап шықты

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы тобымен Баянауыл ауданының су басуы ықтимал елді мекендерін тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД басшысы Әлібек Длимов және аудан әкімі Нұрлан Күлжан жағдайдың тұрақты екенін және су тасқынына жол бермеу мақсатында шаралар қолданылып жатқанын жеткізді. 

Аймақ басшысы жеке бақылауына алған мәселе бойынша сағат сайын мониторинг жасап, ауыл тұрғындарымен байланысты үзбеуді тапсырды.

Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев барлық тиісті ұйымдарға жағдай реттелгенге дейін апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуді, елді мекендерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.

Тасқынға қарсы шараларға 26 бірлік техника мен облыстық ТЖД-нің жеке құрамынан 80 адам жұмылдырылды. 
ТЖД-де тәулік бойы жедел штаб және дағдарыс орталығы жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, күннің күрт жылынуына байланысты қардың тез еруі облыстың Баянауыл, Лебяжі, Май және Шарбақты аудандарында байқалуда.

Хабарламаларға жазылу