Баянауыл ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауыл ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

13.04.2015
Баянауыл ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Баянауыл ауданындағы су басуы ықтимал Сәтбаев ауылдық округінің Қараащы және Теңдік ауылдарында төтенше жағдай режимі жарияланды.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен брифингте өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Әлібек Длимов мәлімдеді.

Мәлімдемеге сәйкес, қазіргі таңда аудандағы жағдай тұрақты. Алайда, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданындағы Қаратоқа және Ақжар су қоймаларынан келетін судан және қардың күрт еруіне байланысты жағдай күрделене түскен.

 

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу