«Шалқар-Ақтөбе» және «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызының терезесін сындырғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар-Ақтөбе» және «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызының терезесін сындырғандар ұсталды

14.04.2015
«Шалқар-Ақтөбе» және «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызының терезесін сындырғандар ұсталды

Көліктегі полиция қызметкерлері Ақтөбе облысында болған жолаушылар пойызының терезесін сындыру оқиғасына қатысты кінәлілерді анықтады.

Қандыағаш станциясы желілік ІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қалааралық «Шалқар-Ақтөбе» және «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойыздың бірнеше вагонының терезесін сындырған Бершоғыр станциясының төрт тұрғыны ұсталды.

Алайда, қолға түскендер әрекеттерінің себебін түсіндіре алмаған. Тәртіпсіздіктен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға негізінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 294-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Хабарламаларға жазылу