Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

15.04.2015
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

15 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі, деп хабарлайды newskaz.ru.

Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында тұман болып, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді.

Ал, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні күшейіп, 15-23 метр/секундқа жетеді.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде тұман түседі, деп болжануда.

Қазгидрометтің хабарлауынша, дәл қазір Астанада +4 градус жылы, тұман. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні – 1 метр/секунд.

Хабарламаларға жазылу