Алматыдан 340 шақырым жерде Қытай аумағында магнитудасы 4,3 балл жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сайты.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі сәрсенбі күні Астана уақыты бойынша 02:36-да тіркелген.
«Жер сілкінісінің эпицентрі - Алматы қаласының оңтүстігіне қарай 340 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.
Ошақтың тереңдігі - 5 шақырым.