Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесінің бір тиімділігі сол, ата-ананың баласын оқытуға жұмсалатын шығынының бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады.
Жүйенің негізгі мақсаты - кәсіптік-техникалық, жоғары білім алуға мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмін енгізу.
Мұндай жүйе әлемнің біраз елдерінде Бельгия, Канада, Малайзия, Нидерланд, Сингапур, Испания, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ-та бар.
Білім берудің жинақтау жүйесі туралы бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарында Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығының Жобаларды дамыту басқармасының басшысы Данагүл Сүлейменова толыққанды жауап береді.