16 сәуірде республикамыздың басым аймағында жауын-шашын жауып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тұман түседі.
Ал, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні күшейіп, 15-23 метр/секундқа жетіп, жаңбыр жауады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлеріне тұман түседі, деп болжануда.