Өнер қуған Жүгінісовтер отбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнер қуған Жүгінісовтер отбасы

18.04.2015
Өнер қуған Жүгінісовтер отбасы

Жүгінісовтер отбасы танымалдылыққа әлдеқашан ие болған. Отағасы өз заманында бимен әуестенсе, отанасы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы.

Әрине, әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған қасиет төрт перзентті өнерден кенде еткен жоқ. Бүлдіршін кезінен сахнаға шығып, бірнеше халықаралық байқаудың лауреаты атанған жас толқын өнерпаздардың бірі – Рүстем Жүгінісов. Оның соңынан ерген бауырлары да өнер әлемінен алыс емес.

Кішкентай Мұхамедәлидің бағындырған белестері де жетерлік. Ол биыл балалар арасындағы халықаралық «Жаңа толқын» байқауында ел намысын қорғап, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Рүстем, Мирас, Мұхамедәли Жүгінісовтердің репертуарында бірнеше ән бар. Жуырда  олар алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды. Ән елордамыз – Астана қаласына арналады.

Өнерлі отбасының бұдан өзге де жаңалықтарымен бүгін сағат 09:00-де «Сенбілік таңнан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу