Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық спортшы Денис Тен Токиода 16-19 сәуір аралығында өтетін мәнерлеп сырғанаудан командалық Әлем чемпионатына құрметті қонақ ретінде шақырылды, деп хабарлайды мәнерлеп сырғанаушының ВКонтакте желісіндегі арнайы парақшасы.
Аталмыш турнирге Халықаралық конькишілер одағының (ISU) рейтингіне сәйкес, алты үздік құрама қатысады.
2014-2015 жж маусым нәтижесі бойынша сынға түсетін құрамалар:
Ресей (8517)
АҚШ (7641)
Жапония (6543)
Канада (6400)
Франция (4993)
ҚХР (4368)