Ғалымдар: Иттер адамдарды көздері арқылы «ырқына көндірген» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Иттер адамдарды көздері арқылы «ырқына көндірген»

18.04.2015
Ғалымдар: Иттер адамдарды көздері арқылы «ырқына көндірген»

Жапония нейрофизиологтары мен Сагамихардағы Azabu университетінің ғалымы Такефуми Кикусюи иттің неліктен адамның ең жақын досына айналғанын анықтады, деп жазады  «Science» журналы. Олар ит пен иесінің ағзасындағы гормондар деңгейіне бақылау жүргізген.

Тәжірибе көрсеткендей,  жануар мен адам бір-бірінің көзіне тік қарағанда олардың қанындағы және миындағы окситоцин (отбасылық бақыт және қамқорлық гормоны) деңгейі  біруақытта көтерілген.

Ғалымдар ит пен оның иесі бір-бірінің эмоционалдық байланысын қолдайтынын болжауда. Олар мұны тәжірибеге дейін итке гормонның аз мөлшерін  егу арқылы анықтаған.

Окситоцин иттің адамның қарым-қатынасына қарай бейімделетініне, иесінің көзіне әдеттегіден ұзақ уақыт қарауына мәжбүрлегені дәлелденген.

Бір қызығы – адамдағы окситоцин концентрацисы жануар ағзасындағы гормон деңгейімен бірдей мөлшерде көтерілген.  Алайда адамға гормон егілмеген.

Мұндай байланысты ғалымдар ана мен балаға жасалған тәжірибеден де байқаған. Яғни, анасына егілген окситоцин деңгейі баланың азғасында да өскен. 

Жапон ғалымы Такефуми Кикусюидің ойынша, мұндай феномен иттің арғы тегі адамды «ырқына көндіргенімен» түсіндіріледі. Жануар  адамдардың балаларына арналған сезімін иеленген. Көзіне қарауды үйренген. Ал, қалған қасиеттері мен артықшылығы селекция мен жасанды сұрыптау кезінде пайда болған. 

 

ФОТО: direct-press.ru

Хабарламаларға жазылу