Түркияда 37-ші Халықаралық балалар фестивалі өтуде, деп хабарлайды ТРТ.
Балалар қала губернаторы Муаммер Түркерге елдерінен әкелген сыйлықтарды табыс етті.
Айта кетейік, 15-24 сәуір аралығында өтетін фестиваль аясында балалар қалада ұйымдастырылатын шараларға, концерттерге қатысып, қаланың тарихи және туристік мекендерін аралайды.
Біздің анықтама:
23 сәуір Түркияда – Балалар күні. 1920 жылы Түрік Республикасының негізін салған М. Ататүрік Анкарада ұлттық Мәжіліс депутаттарын жинап, 23 сәуірді ресми түрде Балалар күні ретінде бекіткен.