Қазақстанда ең титулды саналатын талдықорғандық «Жетісу» клубы кезекті рет мықтылығын дәлелдеп, чемпион атанды.
Жетісулық волейболшылар соңғы турда павлодарлық «Ертіс-Қазхром» командасын ұтты. Ал, қола жүлдені «Алматы» клубы еншіледі.
Сонымен қатар, чемпионаттың үздіктері де анықталды:
Үздік «ойын аяқтаушы» - №2 Сана Анарқұлова, «Алматы»;
Үздік «ойын аяқтаушы» - №17 Ольга Дробышевская, «Ертіс-Қазхром»;
Үздік «орталық блоктаушы» - №5 Ольга Наседкина, «Жетісу»;
Үздік «орталық блоктаушы» - №11 Антонина Рубцова, «Ертіс-Қазхром»;
Үздік «либеро» - №8 Татьяна Фендрикова, «Алматы»;
Үздік «байланыстырушы» - №5 Анна Лащ, «Астана»;
Үздік «диагональшы» - №3 Николь Пиштелакова, «Астана»;
Ең бағалы және қажетті ойыншы - №9 Диана Кавторина, «Ертіс-Қазхром».