Павлодарлық Өміржан Ошанов Мәскеудегі шеруге велосипедпен жетуді көздеп отыр. 54 жастағы әуесқой спортшы Павлодардан Астанаға велосипедпен үш тәулікте жеткен. Барар бағыт – Мәскеу қаласы.
«Бұл – жолдасым Ерғанат Асқаровтың идеясы. Содан Жеңістің 70 жылдығына тарту жасайық, деген ниетпен бастап кеттік. Мақсатым – Қазақ елін таныту»,-дейді велошабандоз.
Өміржан Ошанов Қостанайға бет алды. Одан әрі Ресейдің Черодейск қаласына өтіп, жоспар бойынша 7 мамыр күні Ресейдің Дубосеково елді мекеніне жетпек. Сапар кезінде досы Ерғанат Асқаров жолсерігі болады.
Өміржан Ошановты алда әлі 3000 шақырымға жуық жол күтіп тұр. 9 мамырда Мәскеуде өтетін шеруге қатысу – әуесқой спортшының жауынгер батырларға деген құрметі. Осы жолсапардан соң ол бірқатар елді араламақ.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.