Европадағы ақпараттық сауаттылық орталығы Адам Мицкевич атындағы университетте ұйымдастыратын ақпараттық сауаттылық тақырыбына арналған жазғы институтқа шақырады.
Семинар Польшаның Познань қаласында 8-17 шілде аралығында өтеді. Дәрістерді америкалық және польшалық тәжірибелі оқытушылар жүргізеді.
Ұйымдастырушылар таңдап алынған қатысушылардың тұратын жеріне, таңғы және түскі асына және оқу құралдарына кететін шығынды өздері төлейді.
Сондай-ақ, Transatlantic Mobility Office серіктесімен бірлесіп, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінен келетін қатысушыларға арнайы шәкіртақы ұсынады.
Айта кетейік, өтініш 26 сәуірге дейін қабылданады, деп жазады ijnet.org.
Фото: www.msb-orel.ru