Астанада «Суицидтің алдын алу, күйзелістен шығудың жолдары» атты екі күндік семинар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Суицидтің алдын алу, күйзелістен шығудың жолдары» атты екі күндік семинар өтеді

22.04.2015
Астанада «Суицидтің алдын алу, күйзелістен шығудың жолдары» атты екі күндік семинар өтеді

23-14 сәуір күндері Астанадағы «Алматы» іскерлік үйінде «Суицидтің алдын алу, күйзелістен шығудың жолдары» тақырыбына арналған семинар өтеді.

Шара мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру шеңберінде «Менің маңызым бар» Жастар ресурстық орталығы «SOS Қазақстанның балалар ауылы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен қолға алынуда.

Мақсат - жастар арасындағы суицидтің алдын алу, стресстік жағдайлардың келеңсіз әсерінен қорғану, сондай-ақ, олардың белсенді өмірлік позициясын көтеру.   

Шараға 15 жастан асқан интернат үйлерінің тәрбиеленушілері мен түлектері, мектеп оқушылары және колледж студенттері қатысады.

Басталуы: 10:00-де. 

Хабарламаларға жазылу