150 танкіге қарсы тұрған 106-шы атты әскер дивизиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

150 танкіге қарсы тұрған 106-шы атты әскер дивизиясы

24.04.2015
150 танкіге қарсы тұрған 106-шы атты әскер дивизиясы

1941 жылдың  наурыз айында Ақмола қаласында жасақталған 106-шы атты әскер дивизиясы майдан даласында көзсіз ерлік көрсетті. Жалаң қолмен жауға шапқан жауынгерлер қасық қаны қалғанша шайқасты.

«Төрт мың адам,  үш мың жылқысы бар 12 эшалон Украинаға аттанады. Ең соңғы эшалон 1942 жылдың мамыр айында жетеді. Қарулану жағы өте нашар болған. Төрт мың адамның 102-де ғана мылтық бар еді.

Үш мыңға жақын қылыш, 60 шақты ғана минамет болыпты. Мамыр айында сарбаздарды киіндіруге әскердің шамасы келмей, тон, пима киіп жүрген»,-дейді  Көкшетау қаласындағы Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері Нұрболат Әлменов.

Жасақ құрамында үш полк, артиллериялық дивизион, мал дәрігерлік қызмет, дәрігерлік және күзет взводының әскерлерін қосқанда барлығы – 4091 адам болған.  

Дивизияның 90 пайызы қазақтардан тұрған. «Харьков қазаны» деген атпен тарихта қалған майдан неміс басқыншыларынан азат ету операциясында ерен ерлік танытты.

150 танкіге қарсы тұрып, кеуделерін тосқан дивизия жауынгерлері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу