Түркияның Стамбул қаласында Дүниежүзілік түркі форумы басталды. Шара 23-25 сәуір аралығында өтеді. Форумды ұйымдастырушы - Түрік Азия стратегиялық зерттеулер орталығы (TASAM).
Форумға қазақстандық делегация құрамында журналистер, саясаттанушылар, ғалымдар қатысуда.
4-ші Дүниежүзілік Түркі форумы түркі әлемінің және әлемдегі түрік диаспораларының әлеуетін арттыруға бағытталған.
Жиында талқыланатын басты тақырып – «Қоғамдық дипломатия. Медиа. Ақпарат».
Ал қосымша тақырыптар қатарында, әлемдік басқару; қауіпсіздік; азаматтық қоғам; Армения мәселесі және оның 100 жылдығы және т.б. бар.
Форум барысында биыл екінші рет Түркі дүниесінің «Қызыл алма» сыйлығы табыс етілмек. Марапат «Мемлекет», «Бизнес», «Ғылым», «Мәдениет» сынды бірнеше аталымдар бойынша беріледі.
Алқалы жиынға 60-тан астам мемлекеттен мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен халықаралық ұйым басшылары атсалысуда.
Фото: Дәурен Мақсұтханұлының facebook парақшасынан