Археологтар Майя өркениетінің құрғақшылыққа байланысты жойылып кетуін қайта зерттеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Археологтар Майя өркениетінің құрғақшылыққа байланысты жойылып кетуін қайта зерттеді

26.04.2015
Археологтар Майя өркениетінің құрғақшылыққа байланысты жойылып кетуін қайта зерттеді

Соңғы қазба  деректерге қарағанда  Юкатан түбегіндегі Майя тайпасы құрғақшылықтың бірінші толқынынан сәтті өткен. Ал, екінші толқынында болған су тапшылығынан құлдыраған. Бұл туралы Proceedings of the National Academy of Sciences журналы жазады.

Ғалымдардың айтуынша, б.з.д. 800-950 жылдары Майя өркениетінің құлдырауына климаттың өзгеруі және ауыз су тапшылығына алып келген құрғақшылық әсер еткен.

2012 жылы археологтер мен  климатологтар құрғақшылықтың аумағын зерттеді. Олар мұны түбектегі  Майя тайпасы мекендеген үңгірлердегі сталагмиттердің көмегімен анықтаған. Зерттеу көрсеткендей, мұнда құрғақшылық  соншалықты  болмаған.  

Питер Дугластың тобы Майя өркениеті мен құрғақшылықтың байланысын қайта тексерген.  Олар бір кездері Майя тайпасы мекендеген қазіргі Мексика мен Гватемала аумағындағы Чичанканаб және  Салпетен көлдерінің түбін зерттейді.

Ғалымдар сол кездегі климаттың қандай болғанын  көлдердің түбінен табылған өсімдіктердің тозаңы мен сабақтарынан  анықтаған. Яғни,  өсімдік қабатындағы сутегінің көп үлесі сол жерде жаңбырдың жиі жауғанын және жапырақтардың жиі буланғанын көрсеткен.

Сонымен,  Юкатанда екі рет құрғақшылық болған. Құрғақшылықтың бірінші кезеңі екіншісіне қарағанда қатты әсер етпеген. Ол б.з.д. 200 жылдары басталып, бірнеше ғасырға созылған.

Ал, екінші толқынының шарықтау шегі классикалық дәуірдің соңында болған.

Тикаль қаласындағы қазба жұмыстарының қорытындысы бойынша, түбек тұрғындары құрғақшылықтың бірінші кезеңінде су қоймасын салып, суды көп қажет етпейтін өсімдіктер өсірген екен.

Біраз уақыттан кейін климат қалпына келген.  Нәтижесінде тайпаның жағдайы жақсарып, халық саны күрт өскен.  Ал, бұл фактор - құрғақшылықтың екінші толқынында олардың әлсіз тұсына айналған.  Осылайша Майя патшалығы құлдырай бастаған дейді ғалымдар. 

Хабарламаларға жазылу