Ежелгі Мысыр перғауынының қабірі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ежелгі Мысыр перғауынының қабірі табылды

26.04.2015
Ежелгі Мысыр перғауынының қабірі табылды

Мысыр археологтары  Ніл сағасындағы  Кувейсин провинциясынан III әулет перғауыны - Ха-Ба ханның  қабірін тапты. Бұл туралы Мысыр ежелгі ескерткіштері және мәдени мұралар министрі Мамдух ад-Дамати мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл - Ха-Ба хандық құрған дәуірден табылған алғашқы  қабір. Ал, аталған кезең Мысыр тарихында аз зерттелген.

Мұнда археологтар 2006 жылдан бастап жұмыс істеген.  Тек 2010 жылы қиық пирамидаға  ұқсас қабір табылған.

Алайда,  2014 жылы перғауынның аты жазылған мөр табылған соң ғана Ха-Ба ханның қабірі екені анықталған.    

Айта кетейік, Ха-Ба - III әулет перғауынының ең соңғы өкілдерінің бірі. Ол хандықты б.з.д 2643-2637 жылдары басқарған. 

Хабарламаларға жазылу