Бүгін Астанада EXPO-2017 аллеясына ағаш отырғызу шарасы өтеді. Осыған орай «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы бірлестігінің атқарушы директоры Асхат Сүлейменов таңғы бағдарламада қонақта болды.
«Іс-шара қаламыздың жасыл желегін дамытуға, абаттандыруға үлес қосады. «Астана EXPO-2017» Ұлттық компанпиясының, Назарбаев зияткерлік мектептерінің, «Жасыл» экономиканы қолдау коалициясының бастамасымен өткізілгелі отырған шараға үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдары, оның ішінде «Қазақстанның еріктілер альянсы», «Шетелдегі қазақстандықтар альянсы», «Жайдарман» Қазақстан КВН одағы және басқа да ұйымдар қатысады. Сондай-ақ, мұнда Қазақстандағы 30 елші, 22 депутат келмек».
«Бұл – тарихи шара. Себебі, EXPO-2017 көрмесі өтіп кетеді. Ал, саябақ, жасыл желек ұрпаққа мұра болып қалады»,-дейді Асхат Сүлейменов.
«Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. 5 мамыр күні Аршалы ауданында EXPO бағын ашамыз. Онда 70 түп алма ағашы отырғызылады. Бұл – Жеңістің 70 жылдығына орайластырылып отыр».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіздер.