1 мамыр күні Алматыда «Свой» театрының жаңа маусымы жаңа ғимаратта ашылады. Театр орналасқан ғимараттың тарихи маңызы бар. Дәл осы ғимаратта 1961-2009 жылдар аралығында атақты қазақ мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаев тұрған.
Х.Наурызбаев Алматы қаласындағы Абай ескерткішінің, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, Қазақстан Ғылым академиясы алаңының алдынға Шоқан Уәлихановқа арналған ескерткіш, Тараз қаласы, Жамбыл алаңындағы Жамбыл Жабаев ескерткіші және т.б. ескерткіштердің авторы.
Актер әрі режиссер Дмитрий Дягилевтің басшылығымен құрылған «Свой» театры 2014 жылы ашылып, «Жыл жаңалығы» атанған.
«Ночь в театре» (2014, маусым) және «Откровение» (2014, қараша) фестивальдерінің қатысушысы.