Нұролла Ғазизов – 30 жасында-ақ Кеңес одағының үздік композиторларының бірі атанған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұролла Ғазизов – 30 жасында-ақ Кеңес одағының үздік композиторларының бірі атанған

28.04.2015
Нұролла Ғазизов – 30 жасында-ақ Кеңес одағының үздік композиторларының бірі атанған

КСРО Композиторлар одағының мүшесі Нұролла Ғазизов Атырау облысында дүниеге келген.  Ол 30 жасында-ақ Кеңес одағының үздік композиторларының бірі атанды.

Нұролла Ғазизов «Отаным менің», симфониялық поэма, симфония және фортепианоға арналған ауыл картиналары шығармалары мен ұлттық аспаптар оркестріне арналған «Думан», «Жас ұлан» атты увертюраларымен танымал.

Композитордың кейінгі ұрпаққа беймәлім шығармалары да болған. Алайда, олардың көбі қолжазба күйінде.

«Бірінші симфониясында жылап тұрған Қазақстан, екінші бөлімінде жайнаған, жарқыраған Қазақстан деген мағынада орындалған.  Шәмші  Қалдаяқов үйге жиі келетін  «Нұролла, сенің үйіңе келсем, ерекше демалып қаламын», дейтін»,-дейді жары Рысқайша Баяхметқызы.

Қысқа ғана ғұмыр кешкен Нұролла Ғазизов бала кезінен музыкаға әуес болды. Әкесі домбыра жасайтын шебер әрі өнерлі адам-тын. Соғыстан оралмаған. Төрт баланы анасы жалғыз жеткізген. Бүгінде көзі тірі болғанда композитор 75 жасқа толар еді.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу