Бүгін – «Сырғалым» телехикаясының соңғы бөлімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Сырғалым» телехикаясының соңғы бөлімі

28.04.2015
Бүгін – «Сырғалым» телехикаясының соңғы бөлімі

«Сырғалым» телехикаясының алғашқы маусымы 2014 жылдың басында эфирге жол тартқан еді. Қазақы танымға жақын телехикая көрерменін бірден тапты.  Кейін туындының екінші маусымы түсірілді. Ал, бүгін Ұлттық арна эфиріне телетуындының соңғы бөлімі шығады.

Отандық телехикаяның алғашқы маусымында отбасылық мәселелер, жастықпен жасалған қателіктер баяндалса, бұл жолы отбасылық өмір, мансап, билік, мақсатқа жету жолындағы түрлі оқиғалар қат-қабат келіп жатты.

Сонымен қатар, екінші маусымға  жаңа кейіпкерлер  қосылған. Олар – танымал актриса Лидия Кәденова мен Сәкен Рақышев.  

Қазақы тәрбиесінен таймаған Сырғалым отбасылық өмірдің қиындықтарын қалай еңсерді? Телехикаяның түйіні не болмақ?  

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 21.50-де «Сырғалым» телехикаясының 32-соңғы бөлімін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу