70 жылға жуық уақыт өтсе де, соғыс нәубеті ұмытыла қойған жоқ. Миллиондаған жауынгерді жер жастандырып, қасіретке душар қылған сол зұлмат жүректегі айықпас шер болды. Әр жауынгер жері үшін шайқасқа түсіп, елі мен жерінің бейбіт өмірі жолында ерен ерлік көрсетті.
Майдан даласын көрмесе де, тылдың ауырлығын көрген Жамал Елеусізқызы сол жылдардағы ел тұрмысының жеңіл болмағанын айтады.
«Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шаруа істеді. Егін орды, мал бақты. Бұғанасы бекімеген балалар өгіз жетектеді. Ол уақыттарда біз күлкі дегеннің не екенін білмедік. Шіркін, күлетін заманды айтсаңшы, деп армандадық»,-деп еске алады Жамал әже.
Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қарт ана тағдыр тауқыметін көп тартқан. Ауыр еңбекке ерте араласқан ол Жезқазған өңіріне қарасты Екпінді ауылында еңбек етіп, майдан даласын керек-жарақпен қамтамасыз етуге атсалысқан.
Тыл ардагері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.