Әнші Батырхан Шүкенов 53 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Әлеуметтік желілерде осыған байланысты Кети Топурия және басқа да өнерпаздар көңіл айтуда.
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Өнердегі жолын әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған.
1988 жылы құрылған «А'Студио» тобының әншісі болып, «Джулия» деп аталатын хит әні танымал болады. 2000 жылы әнші «А'Студио» тобынан кетіп, жеке өнер жолын бастайды.
«Белая река», «Стоп, ночь», «Солдат любви», «Эти тёплые летние дни», «Нелюбимая» атты туындылары халықтың сүйіп тыңдайтын әніне айналды. Әнші 2002 жылы «Отан ана» атты қазақ тіліндегі алғашқы альбомын жарыққа шығарды.